Павлодарда «Супер келін» анықталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс-Баян өңірінде жас келіндер арасында жыл сайынғы «Супер келін – 2021» облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазА0парат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәлімдеуінше, келіндер додасына жасы 18-ден 29 жасқа дейінгі орамалдылар қатысты.
- Келіндер 4 кезеңнен тұратын байқауға мұқият дайындалды. Оның біріншісі – бейне презентация. Яғни мұнда келіндер өздерін, отбасын таныстыратын болса, екіншісі - келіндер өз қолдарымен әзірлеген ұлттық тағамын ұсынатын болса, үшінші кезеңде қатысушыларға қамыр жайса, соңғы бөлімде өзінің өнерін көрсетіп, шығармашылық қабілетін аша білді, - делінген баспасөз хабарламасында.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Назира Сабыр «Супер келін -2021» атағын жеңіп алды. Ал «Өнерлі келін - 2021» аталымын Дариза Мешітбай иеленсе, «Шебер келін - 2021» аталымында Назерке Бекжанова жеңіске жетті.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен, гүл шоқтарымен және естелік дипломдармен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар