Павлодарда спорт сарайы мен шипажай провизорлық стационарға айналды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы «Баянтау» спорт сарайында триаж орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлімет таратты.

«Баянтау» спорт сарайында триаж орталығын құрамыз. Жедел жәрдем бригадалары әкелген науқастарды тәжірибелі дәрігерлер қарап, стационарларға үйлестіреді. Ғимарат қатаң түрде «таза» және «лас» зоналарға бөлінді. Науқастардың барлық жолдары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жасалды. Емделушілердің де, қызметкерлердің де қауіпсіздігі бәрінен маңызды. Мұнда 150 провизорлық төсек-орын орналастырамыз. «Мойылды» шипажайының ғимаратында «жеңіл» науқастарға арналған тағы 500 орын ашамыз. Провизорлық науқастарға арналған 80 орын «ЕЭК» АҚ емдеу-сауықтыру кешенінде және 70 орын Ақсу қаласындағы «Еуразия» медициналық орталығы ғимараттарында жасалады. Ертең 800 провизорлық төсек-орын ашылады. Барлық нысандарда пациенттердің жайлы және қауіпсіз тұруына жағдай бар» деп жазды облыс әкімі Instagram парақшасында.

«Баянтау» спорт сарайы негізіндегі триаж-орталық және Мойылды мен Ақсудағы қосымша провизорлық стационарлар жақын арада ашылады.

Жоспар бойынша, облыста провизорлық пациенттерге арналған 800 төсек-орын пайда болады.



Соңғы жаңалықтар