+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Павлодарда Saryarqa samaly газетінің алғашқы редакторына тағзым тақта ашылды

2021 жылғы 23 қазан 16:38
Бөлісіңіз:
Павлодарда Saryarqa samaly газетінің алғашқы редакторына тағзым тақта ашылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Ертіс Медиа» ғимаратының қабырғасында Павлодар облыстық «Кеңес туы» (қазіргі Saryarqa samaly) газетінің тұңғыш редакторы, түркітану мектебінің негізін қалаушы, академик, жазушы Бейсембай Кенжебайұлына арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарлық спортшы дойбыдан әлем чемпионы атанды Павлодарда «Супер келін» анықталды Павлодарда Қимақ қағанаты мен Қазақ хандығының тарихын зерттеу жайы талқыланды

Салтанатты рәсімге Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, химия ғылымдарының докторы Алтынбек Нухұлы, сондай-ақ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан академик Бейсенбай Кенжебайұлының ұрпақтары Қайрат Қадырбеков, Жанар Жұмабаева, Әділ Бектұров арнайы қатысты.

Бейсембай Кенжебайұлы ғалым, түркітанушы, әдеби сыншы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бөген ауылында туған. 1929 жылы тұңғыш Павлодар округінің «Кеңес туы» атты газетінің негізін қалап, басшылық еткен белгілі публицист, ұйымдастырушы.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлы тарихи тұлғаға тағзым ретінде арнайы «тағзым тақтасы» ашылып отырғанын атап өтті.

- Бейсембай Кенжебаев небәрі 25 жасында баспа құралдарын әкеліп, газеттің іргетасын қалады. Тарихта орны бөлек, тау тұлға азамат ретінде қалады. Жеке бастың қамы емес, ұлттық мүдде үшін еңбек етіп, қазақ халқының айтылмай жатқан дүниелерін Кеңестің қытымыр заманында батыл айта білген. Сол үшін талай таяқ та жеді. Қазір қазақ энциклопедиясы саналатын «Абай жолын» алғаш баспадан шығарды. Сол заманда Әуезовтың жолын ашқан осы Бейсенбай Кенжебаев. Айта берсе ерлігі көп. Бүгін тағзым тақтасының ашылуы заңдылық. Тақтаға «тағзым тақта» деп жаздық. Өйткені, осындай ұлы тұлғаға біздер өмір бойы тағзым етуіміз керек, - деді Алтынбек Нухұлы.

Бейсенбай Кенжебайұлының ұрпағы химия ғылымдарының докторы Қайрат Қадырбеков аталары ғылымда өз мектебін қалыптастырғанын айтты.


- Бейсенбай атамыз үлкен ғалым. ҚазМУ-де жүрген кезде 42 ғылым кандидатын, 3 ғылым докторын дайындапты. Олардың бәрі елге белгілі жазушы, ғалымдар. Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев, Мырзатай Жолдасбеков деп тізіліп кете береді. Ол кісінің өзінің ұстаздары да мықты болды. Мәскеуде Міржақып, Бейімбеттердің жанында жүрді. Ұлттық рух жолында аянбай жұмыс істеген. Осындай тұлғаға құрмет көрсетіп жатқан сіздерге Бейсенбай Кенжебаевтың оңтүстіктегі ұрпақтарының, жақындарының сәлемін алып келдім. Павлодар өңіріне, бұндай тақтаның ашылуына себепкер болған жандарға алғыс білдіреміз, - деді Қайрат Қадырбеков.

Шара соңында жиналған мәртебелі қонақтар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен журналистер тағзым тақтасына гүл шоқтарын қойды.
Бейсембай Кенжебаев – қазақ әдебиетінің мәселелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арналған іргелі еңбектердің, Абай Құнанбайұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жамбыл Жабаев, Мұхамеджан Сералин, Мұхтар Әуезовтердің өмірі мен шығармалары туралы зерттеулердің авторы. Кеңестік кезеңде коммунистік идеологияға орай ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихын Бұхар жыраудан басталады деген жансақ пікірді теріске шығарып, оның Орхон-Енисей жазбаларынан басталатындығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген.

Көркем проза және аударма саласында да көп еңбек еткен. 1928 жылы «Асау жүрек» әңгімелер жинағы жарық көрген. Пушкиннің шығармаларының қазақша библиографиялық көрсеткішін жасаған. Көптеген орыс және шетел жазушы-ақындарының шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. «Ленин» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT