Павлодарда санитар дәрігер Ресейде берілді деген жалған ПТР тестілерді анықтады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Карантин шектеуі енгізілгеннен бастап Павлодар облысына 80 мыңнан астам адам келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

ПТР тест нәтижесі Қазақстан аумағына жаяу да, жеңіл автокөліктермен де келетін басқа елдердің барлық азаматында болуы керек.

«Шарбақты» шекарасының автомобильді өткізу бекетінде тәулік бойы кезекшілік уақытында біз шекарадан өтетін адамдарға мониторинг жүргіземіз. Соның барысында мен мөрлері жоқ немесе нөмірі күдікті анықтамаларды байқадым. Оларды ұсынушыларда растайтын құжаттар болған жоқ», - деді Шарбақты аудандық санэпидбақылау басқармасының бөлім басшысы Бақтыгүл Айгүмісова.

Бақтыгүл Айгүмісова бас кеңсесі Барнаулда орналасқан ресейлік зертханалардың бірі - «Врачебный альянс» медициналық орталығы берген анықтамаларды тексерді.

Аудандық басқарманың басшысы ресейлік әріптестерімен байланысып, олар ПТР тест нәтижелерінің көшірмелерін жіберді. Нәтижесінде олар жалған болып шықты.

Ресейлік дәрігерлер «Врачебный альянс» берген ПТР тест нәтижелері қандай қорғаныс дәрежесі керек екенін айтты, кейіннен олар анықтамаға қосымша QR код орната бастаған.

«Шарбақты» Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының өткізу пункті арқылы тәулігіне 200-ден 300-ге дейін адам өтеді.

«Врачебный альянс» медициналық орталығының директоры Вячеслав Фрейнд облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне алғыс хат жолдады. Ведомство өз кезегінде Бақтыгүл Айгүмісованы кәсіби шеберлігі үшін ақшалай сыйлықпен марапаттады.


Соңғы жаңалықтар