Павлодарда оқушы бала шұңқырға құлап кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар құтқарушылары шұңқырға құлап кеткен 11 жасар баланы аман алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға облыс орталығындағы Желтоқсан көшесі, 151 мекенжайында орналасқан жеке үйдің аумағында болған.

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қазан күні түнгі сағат 22:27-де «112» пультіне оқыс оқиға туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына 4 құтқарушы, 1 техника барды. Құтқарушылар келген бойда шұңқырға түсіп, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен баланы шығарып алды. Бала жедел түрде «103« қызметіне тапсырылып, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Осы орайда, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары кездейсоқ шұңқырға түсіп кеткен адамға көмектесетін бірнеше қарапайым ережелер бар екенін еске салады.
«Бұл жағдайда үрейге берілмеу керек. Қатты қозғалыс жасамаңыз. Егер сізде телефон болса, дереу құтқару қызметіне «112« және «101« нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз. Ал ұялы телефон болмаған жағдайда айғайлап, көмекке шақырыңыз», - дейді мамандар.


Соңғы жаңалықтар