+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Павлодарда Наурыз қарсаңында «Көршіңмен көже іш» жобасы басталды

2020 жылғы 16 наурыз 14:48
Бөлісіңіз:
Павлодарда Наурыз қарсаңында «Көршіңмен көже іш» жобасы басталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Көршіңмен көже іш» жобасы басталды. «JEBE» қоғамдық бірлестігі Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Көршіңмен көже іш» жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

«JEBE» бірлестігі еліміздегі соңғы жағдайларға байланысты көктемгі мерекелерді отбасылық деңгейде тойлауды ұсынды.

«Елімізде мәдени шаралар тоқтатылғанымен, Ұлыстың ұлы күні отбасылық деңгейде атап өтілуі тиіс, - дейді «JEBE» ҚБ төрағасы Данияр Жұмәділ. – Осы мақсатта бірлестік мүшелері өздері тұрып жатқан тұрғын үйлердегі көршілеріне Наурыз көже таратып, мерекелік көңіл күй сыйлауда. Көпшілік орындарға шықпай-ақ, күнде көріп жүрген көршіңмен де Наурызды тойлауға болады. Сондықтан бұл жобамызды Көрісу күнінде бастап отырмыз».

Бірлестік төрағасының айтуынша, «Көршіңмен көже іш» жобасы қазақтың қонақжайлық дәстүрін, «Біз біргеміз» ұстанымын, ұлттық құндылықтарды насихаттайды. Алғашқы болып бұл жобаны «JEBE» ҚБ құрметті төрағасы Жұмабек Смановтың отбасы бастады. Көрші отырған өзге ұлт өкілдерінің шаңырағына барып, жұбайы әзірлеген Наурыз көжеден дәм татқызды.

«Біздің Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 35 мекенжайында неміс, орыс, тәжік, украин, беларусь, қабарда-балқар, татарлар мен басқа да ұлт өкілдері тұрады. Көршілер өзара тату-тәтті өмір сүруде. Ділі мен дініне қарамай-ақ ұйымшылдық танытып отырады. Сол себепті Ұлыстың ұлы күні қарсаңында наурыз көже жасап тарату туралы ұсыныс тастадым. Көршілер бірден қолдау көрсетті. Өзге ұлт өкілдеріне ұлттық дастарханымыздағы тағамдардың дайындалу әдісін түсіндіріп, дәм татқыздық», - дейді жоба авторы Жанар Серікова.

Сонымен қатар, «Жебенің жеңгелері» жобасының тұсауы кесілді. Оның аясында қоғамдық бірлестік мүшелерінің үйіндегі жарлары, бірлестікке мүше нәзік жандылар әлеуметтік желілер арқылы қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен көріністер циклын бастады.

«Мақсатымыз – ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, салт-дәстүріміз бен ұлттық мерекеге көпшілік назарын аудару. Бұл ретте біз тұсау кесу, бесікке бөлеу, азан шақыру, құрақ құрап, ұршық иіру және ұлттық тағамдарымызды дайындап, бейнеролик жасап, оны кеңінен таратпақпыз», - дейді Данияр Жұмәділ.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен коронавирусқа байланысты Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.

Төтенше жағдай кезінде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ жаппай адамдардың жиналуымен отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT