Павлодарда лазерлік жаяу жүргінші жолақтары пайда болады
Полицейлер көшелерде, жолдарда тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде өзгерістер енгізеді, басқа елдердің тәжірибесі қолданылады.
«Павлодар қаласындағы Торговая-Космонавты, Гагарин-Ворушин, Ворушин-Циолковский, Ақсу қаласындағы Қамзин-Желтоқсан көшелерінің қиылысында жол қозғалысын бағдаршам реттейді. і. Павлодар алюминий зауыты ауданында 19-шы тасжолда жаяу жүргіншіні шақыру құрылғысы орнатылды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Полиция департаментінің ұсынысы бойынша кептелісті азайтау мақсатында қаладағы бірқатар көшелерде екіжақты қозғалыс ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта Павлодар қалалық әкімдігімен бірге жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жаңа технологиялар (лазерлік жаяу жүргінші жолақтары) енгізу мәселесі талқыланып жатыр.
Балаларды жол-көлік оқиғасынан сақтау мақсатында аталған тақырыпта 40 билборд, баннер орнатылды. Облыс орталығының түрлі бөлігінде орналасқан LED-экрандарда жолда қауіпсіздік ережесін сақтау туралы видеотаспалар көрсетіліп жатыр.