Павлодарда құрылыс нысанында жұмысшы қаза тапты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Құрылыс жұмысы кезінде жауапкершілігі серіктестіктердің біреуінің жұмысшысы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22 қазан күні, сағат 9.20 шамасында Баянауыл ауданы, Майқайың ауылындағы құрылыс нысанында жұмыс істеп жатқан ЖШС-нің бірінің монтаждаушысының үстіне тақтай құлап кеткен. Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар