Павлодарда көлік жолда жатқан 76 жастағы қарияны басып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қартаң кісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сегізінші наурыз, түн ортасында Успенск көпірінің маңайында 56 жастағы «Волга» көлігінің жүргізушісі жолда жатқан 76 жастағы ер адамды басып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар