+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Павлодарда қоқыс жәшігінен ардагерлердің 15 медалі табылды

2018 жылғы 3 мамыр 21:56
Бөлісіңіз:
Павлодарда қоқыс жәшігінен ардагерлердің 15 медалі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда сауда үйінің қоқыс жәшігінен ардагердің төсбелгілері табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

28 сәуір күні «Тұлпар» СҮ-нің дала сыпырушысы қоқыс жәшігінен біртүрлі қалта тауып алып, оны сауда үйінің техникалық қызметкерлер бойынша ауысым маманы Әлия Сәлімбаеваға берген.

«Медальдар файлдың ішінде болды. Мүмкін оларды қолды еткен адам сата алмай құтылудың амалын іздеп, осында тастай салған болар. Бақылау камералары сол жерде орналаспағандықтан, бағалы заттарды кім тастағанын көре алмадық. Төсбелгілердің иесін немесе оның жақындарын тапқымыз келеді. Мен әлеуметтік желілерде хабарлама бергенмін, бірақ жауап жоқ. Сондықтан жақын арада оларды құқық қорғау органдарына тапсырамын»,- деді Әлия Сәлімбаева.

Сауда үйі қызметкерінің айтуынша, файлдың ішінде 15 медаль болған. Олардың кейбіреуі бірнеше данадан. Төсбелгілер бірнеше ардагерге тиесілі болуы мүмкін.

Фото: Әлия Сәлімбаева

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT