Павлодарда кісі өлтіргені үшін сотталған көпбалалы ана сот залында босатылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Туысын өлтірген әйелдің жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Үкімді облыстық сотта жариялады.

Сот үкім шығарған кезде сотталушының алты баласы бар, олардың үлкені 11 жаста, кіші қызы өткен жылдың желтоқсан айында дүниеге келгені себебінен үкімді азайтқан.

Сонымен қатар, әйелдің тұрғылықты жері бойынша оң сипатталғанын, жәбірленушіге қылмыс жасағаннан кейін бірден көмек көрсеткенін ескерді.

Марқұмның анасы сот үкімін қатал деп санайды.

«Мен ұлымды ғана емес, келінімді де жоғалттым. Ол кінәлі емес, ұлым кінәлі. Алты немере жетім қалды. Келін үйді, балаларды бақылап, бізге қамқор болды. Оны бас бостандығынан айырмауды сұраймын»- деді зейнеткер.

Бас бостандығынан айырмау туралы өтінішхатқа ауылдастары 170 қол жинаған. Олар сотталушыны сабырлы және мейірімді әйел ретінде сипаттады.

«Біздің, қоғамның немқұрайдылығымыз кінәлі. Бәрі біздің көз алдымызда болды. Ол жиі ішетін, ұратын. Мен әжемнен неге полиция шақырмайтыныңызды сұрағанымда ол «ұят болады» деп жауап беретін» - дейді Жаңа қала ауылының қоғам белсендісі Жауқасын Жұмағұлова.

Ауыл тұрғындары балалар әрдайым ұқыпты киінгенін, үлкендері жергілікті клубтағы үйірмелерге қатысқанын айтады.

Сотта сотталушының өзі егер оның қайтыс болғанын қаласа, жедел жәрдем бригадасын шақырмайтынын және оны өлтіретін ойы болмағанын мәлімдеді.

«Әйелге қауіпсіздігі орташа атқарушы жүйе мекемесінде жазасын өтей отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Бала 14 жасқа толғанға дейін жазаны өтеуді бес жылға кейінге қалдырылсын», - деп хабарлады облыстық соттың қылмыстық алқасының судьясы Теміртас Махватов.

Көп балалы ана сот залында қамаудан босатылды.

Айта кетсек, 2021 жылдың ақпан айында жаңа қала ауылының тұрғыны орташа қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Өткен жылдың қыркүйегінде әйел ас үйде сарымсақ турап тұрғанда мас туысы мазасын алған. Ол жүктіліктің соңғы айында болған сотталушыны қорлап, қорқытқан және бір сәтте ұрып жіберген. Өкінішке орай, әйелдің пышақпен жарақаттауының соңы өлімге әкелді.

Ол кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар