Павлодарда Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмек саудаланған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат –Павлодар дәріханаларының бірінде Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмек саудаланған. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Павлодар қаласы дәріханаларының бірінде Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды сату фактісін анықтады.

Сол күні дәріхананың орналасқан мекен-жай бойынша жедел-тергеу іс-шарасы барысында Павлодар облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің маманын қатыстыра отырып тінту жүргізілді, нәтижесінде ҚР аумағында сатуға рұқсаты жоқ 670 бума дәрі-дәрмектің 22 түрі тәркіленіп алынды («Ацетилсалициловая кислота медисобр», «Цефтриаксон», «Парацетомол», «Азитромицин», «Аскофен-П», «Антигрипин для детей», «Тетрациклин – Лент», «Спазмалган», «Эринит», «Никотиновая кислота», «Седальгин плюс», «Пенталгин», «Гентамицин», «Ацикловир», «Викасол», «ТемпаLcin», «Спазган», «Кеторол экспресс», «Парацетомол суспензия», «Аналгин», «Андинал» және «Мукалтин»).

Кәсіпкерден тәркіленген дәрі-дәрмектер ҚР үшін дайындалмаған және ҚР дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген, сонымен қатар, «Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және әкету ережелерін» бұза отырып, яғни дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұлттық сараптау орталығының қауіпсіздік мен сапа туралы сертификатынсыз ел аумағына әкелінген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар