Павлодарда қарт әйел жылу трассасындағы шұңқырға түсіп кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда қарт әйел жылу желілері трассасындағы шұңқырға түсіп кетті. Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 қаңтар күні сағат 08:50-де Павлодар қаласының Шөкин-Назарбаев көшелерінің қиылысында 63 жастағы әйел абайсызда ыстық су құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілген жердегі шұңқырға түсіп кетті», - деп хабарлады тілшілерге Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Күйік щалған қала тұрғыны ауруханаға жеткізілді, деп қосып өтті ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар