Павлодарда кальян барына келгендер тексерушілерден әжетханаға тығылған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Карантинге байланысты бірқатар мекемелердің жұмысына тыйым салынғанымен, мониторинг тобы кальян барында 15-тен аса адамның болғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін түнде жергілікті полиция, қалалық әкімдік және санитария-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері «Малина» кальян барын тексерді. Мұндай мекемелердің жұмысына тыйым салынғанына қарамастан мониторинг тобы ғимарат ішінде 15-тен аса адамның болғанын анықтады» деп хабарлады тілшілерге Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мекеме әкімшілігі келушілерді қосалқы бөлме мен әжетханаға жасырып қоймақ болған.

«Іс материалдары шешім қабылдау үшін санитария-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберіледі» деп толықтырды дереккөз.



Соңғы жаңалықтар