Павлодарда есепші «Еңбек» бағдарламасына бөлінген қаражатты жымқырған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында халықты жұмыспен қамту орталығының бухгалтері сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Аққулы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.

Тергеу барысында орталық бухгалтері қызметін пайдаланып және адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, орталықтың есеп айырысу шотынан бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Алаяқтық схема негізсіз төлем шоттарына электрондық кілтпен қол қою және жеке тұлғалардың карт-шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге асты.

Қаражат Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары үшін үй жалдауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған еді.

Бухгалтер материалдық жауапкершілікке және бухгалтерлік есепті жүргізуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 4,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.


Соңғы жаңалықтар