Павлодарда еңбек мигранттарынан пара алып келген полицейлер сотталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облыстық полиция департаменті көші-қон қызметкерлерінің сотталуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті өткен жылы қарашада Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Е. Асаиновтың, сондай-ақ осы бөлімшенің инспекторлары полиция капитаны Д. Алаев пен полиция капитаны С. Баязиттің заңға қайшы әрекеттерінің жолын кесті.

«Олар ТМД елдерінен келген еңбек мигранттарын тіркеу кезінде жүйелі түрде ақшалай сыйақы алып келген. Аталмыш полицейлер 2019 жылғы 26 қыркүйекте Ақсу қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлімі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру), 361-бабы 1-бөлімі (Лауазымдық өкiлеттiгін теріс пайдалану), 366-бабы 3-бөлімі 1, 2, 4-тармағы (Пара алу) бойынша кінәлі деп танылды» делінген хабарламада.

Сотталушылар мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айырылды. Әрқайсысына пара сомасынан отыз бес есе артық мөлшерде, яғни 5 млн 250 мың теңге айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар