Павлодарда демалыс күні мас күйінде қызмет көлігімен жүрген ауыл әкімі ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Май ауданы Ақжар ауылының әкімі 15 тәулік мерзімге қамауға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Оныншы қазан, яғни сенбі күні демалыста 19 сағат 45 минутта ШҚО Курчатов қаласының Абай-Курчатов көшелерінің қиылысында полиция бөлімінің жол-патруль полиция қызметкерлері Май ауданы Ақжар ауылы әкімінің аппаратына тиесілі Серік Құсайынов тізгіндеген 21214 МТНБ S 176 DM нөмірлі «Лада» автокөлігін тоқтатқан. Анықталғандай, әкім орташа дәрежеде мас болған.

Сонымен қатар шенеунікте көлікті басқару құқығын беретін құжаттар болмаған.

«Сол күні полиция Май ауданы Ақжар ауылының әкімі Серік Құсайыновқа қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды» деп хабарлады департамент.

Ақжар ауылы әкімінің тәртіптік жауапкершілігі этика жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қаралады.


Соңғы жаңалықтар