Павлодарда бетіне оқ тиген әйел оқиға орнында көз жұмды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар тұрғыны әйелді атып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа қарағанда 15 қаңтар кешкі 19:25 кезінде полицияға шұғыл хабар түскен.

Онда Қамзин көшесінде бойжеткеннің бетіне оқ тиіп, жараланғаны айтылады.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ер адамның тегіс ұңғылы қарудан әйелге оқ атқанын анықтады. Жараланған әйел сол жерде мерт болған.

Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімі бойынша іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, қару тәркіленді. Оған қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны шешіліп жатыр.

«Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес бұдан басқа ақпарат жарияланбайды» деп мәлім етті полицияның баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар