Павлодарда бес жасар баладан COVID-19-дың нигериялық штамы табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда КВИ-дің жаңа штамы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Клиникалық белгілері «британдық» штамға ұқсайды», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Берген мәліметке сәйкес, VOI Eta «нигериялық» штамы табылған бала 5 жасар. Оның денсаулығы жақсы.

Бұған дейін ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың Eta «нигериялық» штамы тіркелгенін хабарлаған болатын.

«Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізді. Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штаммдар айналымы белгіленген (Delta «Үнді штаммы» - 57 (59,4%), Alpha «Британдық» - 24 (25%), «Ухань» коронавирусы - 10 (10,4%) және eta «Нигерия» - 5 (5,2%)). Eta «Нигерия» штаммының айналымы 4 өңірде айқындалды (Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1). «Eta» штаммның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды», - деп жазды министр желіде.




Соңғы жаңалықтар