Павлодарда белгісіз біреу мектептерге жаппай «бомба қойып» шықты
2022 жылғы 18 мамыр 22:00

Павлодарда белгісіз біреу мектептерге жаппай «бомба қойып» шықты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысында бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 18 мамыр сағат 19.10 шамасында өңірдің бірнеше жалпы орта мектебінің электронды поштасына хат келген.

Онда білім ордасына жарылғыш құрылғы қойылғаны айтылған.

«Оқу орындарының ғимаратынан адамдар эвакуацияланған жоқ, себебі сабақ уақыты аяқталған болатын. Мектептердің іргелес аймағы қоршалған. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», – деп мәлім етті Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қаралғанын ескертеді.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT