Павлодарда балық аулауға барған ер адам мұз астына түсіп кетті
2022 жылғы 20 қаңтар 14:53

Павлодарда балық аулауға барған ер адам мұз астына түсіп кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда балық аулауға барған ер адам мұз астына түсіп кетті. Оның денесін екі құтқарушы алып шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:44-те суға батқан адам туралы хабарлама түскен.
18 қаңтарда Шідерті кентінде Қаныш Сәтбаев атындағы каналда, автомобиль көпірі аумағында 1983 жылы туған азамат батып кетті.
Куәгердің айтуынша, ол балық аулау үшін мұз қатқан каналдың ортасына қарай бет алған.

- Куәгер балауға қажетті құралдарын ретке келтіру үшін теріс қараған, ал қайтып бұрылған кезінде ер адам мұздың астына түсіп кеткенін көрген. Ол дереу 112 нөміріне қоңырау шалған, - дейді департаментте.

Оқиға орнына құтқарушылар мен ТЖБ қызметкерлері шықты.


Jańalyqtar

MURAǴAT