Павлодарда автокөліктен өрт шықты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда ашық аумақта тұрған автокөліктен өрт шықты. Жалын құтқарушылар келгенге дейін сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға қаладағы М. Жүсіп көшесі, 21 мекенжайында орын алған.
- Ашық аумақта тұрған 2007 жылғы «Toyota Camry» көлігінің мотор бөлігіндегі резеңке-техникалық бөлшектер жанған, - деді департаментте.



Соңғы жаңалықтар