Павлодарда автобус жарық бағанасы мен жарнама қалқанына соғылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда жол-көлік апаты салдарынан екі бала мен екі ересек адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«14 мамыр күні сағат 7:43-те Павлодар қаласында №38 бағдарлы автобустың 44 жастағы жүргізушісі Торайғыров көшесімен келе жатып, академик Бектұровтың көшесімен қиылыста көлікті басқара алмай, жарық бағанасына, жол белгісі мен жарнама қалқанына соғылды», - деп мәлім етті Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол апаты салдарынан 2001 және 2004 жылғы екі бала мен екі ересек адам ауруханаға жеткізілді.

Медициналық тексеру қорытындысына сәйкес, жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішпегені белгілі болды.

«Аталған факт тіркелді, арнайы сараптамалар белгіленген. Тексеру жұмыстары жүргізілуде, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деп қосты облыстық ПД-дан.


Соңғы жаңалықтар