Павлодарда автобус тасымалдаушылары жалдау ақысын арзандатуды талап етті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – №1 автобус паркінде облыс әкімінің орынбасары, қала әкімі, кәсіпорын басшылары мен автобусты жалға алушылар кездесті. Осы шарадан кейін тасымалдаушылар мәселесін жұмыс тәртібінде қарап, қолайлы келісімге келу жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңғы сағат бестен бастап бірінші автобус паркінде қалалық маршруттарға көлік шығару жұмысы басталды. Таңертеңнен бастап жүргізушілерді медицина қызметкерлері тексереді, сондай-ақ көлік құралдарына тексеру жүргізілді» деп хабарлады Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, бүгінде 11 қалалық маршрут бойынша №1 автобус паркінің үлкен кластағы 49 автобусы мен шағын кластағы 12 көлігі жұмыс істейді.

Сондай-ақ, жүргізушілер құрамының парк басшылығымен кездесуі ұйымдастырылды, онда жүргізушілердің талаптары мен кәсіпорынның жағдайы айтылды.

«Жүргізушілер жалдау ақысын төмендетуді немесе еңбек қатынасын жалақыға аударуды талап етті», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Желідегі жағдай қиын болса да, осы бағыттар бойынша күні бойы жұмыс жалғасты. 10, 21, 22 маршруттарындағы автобустардың 20 пайызы желіде қалып, қала тұрғындарын тасымалдады», - деп атап өтті әкімдік.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша 26 қарашада осы бағыттардағы автобустардың жалпы санының кем дегенде 60 пайызын жіберу, тасымалдаушылар мәселесін жұмыс тәртібінде қарау және қалалық маршруттарда автобус тапшылығын туғызбай, қолайлы келісімге келу жөнінде шешім қабылданды.


Соңғы жаңалықтар