Павлодарда әскери қызметші қайтыс болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Оқыс жағдай 5512 әскери бөлімінде орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, әскери бөлімге жедел жәрдем шақырту сағат 19.17-де түскен.

«Қызметтестерінің айтуынша, ер адам КамАЗ көлігінің дөңгелегін үрлеп жатқан. Сол кезде жарылыс болған», - дейді басқарма мамандары.

Айта кетейік, қаза тапқан сарбаз 1990 жылы туған.


Соңғы жаңалықтар