Павлодарда 6 бала тамақтан уланып қалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласына қарасты Павлодар ауылының мектебіндегі асханада тамақтанған 6 бала уланып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өзінің facebook желісіндегі парақшасында жазды. - Бірден айта кетейін, жағдай менің жеке бақылауымда. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады»,- деп жазды Дінислам Болатханұлы.

Қазір оқиға орнында Павлодар білім беру бөлімінің және қоғамдық денсаулықты бақылау органының өкілдері жұмыс жасауда. Жақын арада тексеру нәтижелері дайын болады. Басқарма басшысы балалардың ата-анасынан кешірім сұрады. - Білім ордасындағы оқиға біздің кінәмізден орын алмаса да, жауапкершілікті сезініп, денсаулықтарына қауіп төнген балалардың ата-анасынан үлкен кешірім сұраймын. Қазіргі уақытта бес бала емханада, бір бала үйінде ем қабылдауда. Дәрігерлер балалардың жағдайы қанағаттанарлықтай екендігін хабарлады. Тағы да атап өтейін, балалардың денсаулығы – ең маңыздысы! Олардың тезірек жазылып кетуін тілейміз»,- деп атап өткен облыстық білім беру басқармасының басшысы.

Дінислам Болатханұлының айтуынша, жағдай анықталуда. Асхананы жалға алушының әрекеті тексеріліп жатыр. Шешім санэпидемиологтардың ресми қорытындысынан кейін шығады.
Соңғы жаңалықтар