Павлодарда 50 мың дана масканы заңсыз сатпақ болғандардың жолы кесілді

None
None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Павлодар облысында медициналық маскаларды заңсыз сатудың жолы кесілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Павлодар қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Павлодар қаласы полиция басқармасымен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісін анықтады.

Атап айтқанда, жеке тұлғаның тиісті құжаттарсыз (тіркеу куәлігі,
Ұлттық сараптама орталығының өнім қауіпсіздігі және сапа сертификаты және т.б.)
50 мың Қытайда жасалған медициналық масканы заңсыз сату фактісінің жолы кесілді.

Тексеріс кезінде анықталғандай, медициналық маскалар өндірушілермен Қазақстан үшін жасалмаған және тиісінше дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу және әкету ережелерін бұзу жолымен әкелінген.

Аталған факті бойынша материалдар әкімшілік іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар