11:30, 07 Сәуір 2021 | GMT +6
Павлодарда 19 жастағы бойжеткенді көлік қағып кетті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында 19 жастағы бойжеткенді көлік қағып кетті. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Лермонтов – Мәшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысында болған.
- «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігінің 72 жастағы жүргізушісі жолды бағдаршамның рұқсат беретін сигналына кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті, - дейді департаментте.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы қыз жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалды.