Павлодарда 10 жасар қызды аңдыған күдікті қолға түсті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар полициясы әжетханада 10 жасар қыздың сыртынан сығалаған Өзбекстан азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«12 қазан күні белгісіз азамат Павлодар қаласының сауда үйлерінің қыздарға арналған әжетханасында айна арқылы көршілес кабинаны сығалаған. Оның ішінде 10 жасар қыз болған.

«Полиция мейрамханалардың бірінде аспаз болып жұмыс істейтін 1968 жылы туған азаматты қолға түсірді», - деп мәлім етті Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 124 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, «Манақбай» сауда үйіндегі қыздар әжетханасында айна мен ұялы телефон арқылы қыз балалар мен әйел адамдардың сыртынан сығалаған адамға назар аударуды балалар ойыншықтарының сатушылары сұраған.

Олардың айтуынша, оны «Сити Центра» СҮ жұмысшылары суретке түсіріп алған. Ол дәл осылай сауда үйінің әжетханасында қыздарды аңдыған.

Автор: Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар