Павлодар жедел жәрдеміне 10 сағатта өкпе қабынуына байланысты 59 шақырту түскен

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар жедел жәрдеміне 10 сағатта ЖРВИ және өкпе қабынуына байланысты 159 шақырту түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 маусым күні 09:00 мен 19:30 аралығында Павлодар облысының жедел жәрдемі 600 шақыртуға қызмет көрсетті», - деп хабарлайды өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметіне сай, 103 қызметі бір күнге толмайтын уақыттың ішінде өкпе қабынуына қатысты 59, ЖРВИ-ге қатысты 100 шақыртуға барған. 9 науқасты ауруханаға жеткізген, кейін олардан коронавирус анықталған.

Соңғы жаңалықтар