Павлодар вокзалында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – «Қазақстан теміржолы» компаниясы Павлодар вокзалындағы коронавирус туралы тараған дақпыртты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар вокзалындағы коронавирус симптомы бар жолаушы» деген жазумен әлеуметтік желіге тарап кеткен ақпарат профилактикалық оқу-жаттығудың бір бөлігі. Оны Павлодар облысының әкімдігі жүргізген. Жалпы Павлодардағы вокзал қалалық мәслихаттың қарауында - «Павлодарвокзалсервис» ЖШС басқаруында», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта «ҚТЖ» компаниясы қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сырқаттың белгілері туралы ақпарат тұрақты түрде Қазақстан қалаларының вокзалында орналасқан Led-экрандардан көрсетіліп тұрады. Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін компания қызметкерлері медициналық маска киіп жүреді.

Соңғы жаңалықтар