Павлодар тұрғыны күніне 35-40 шөлмек арақты қолдан жасап, сатып келген

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында қолдан алкоголь өнімін дайындаған астыртын цех анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комиетіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қаладағы жалдамалы үйде жалған есепке алу-бақылау маркаларымен суррогатты алкоголь дайындайтын астыртын цех ұйымдастырған 53 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті бір жыл бойына күнделікті 35-40 бөтелке суррогат алкоголь өнімін дайындап отырған.

Ол қолданылған бөтелкелерден ЕАБ маркаларын алып тастап, бөтелкеге спирті бар сұйықтықты құйып, ЕАБ маркаларының бірнеше бөлігін бір марка түрінде желімдеп, өнімді рұқсат қағазсыз және лицензиясыз Павлодар қаласындағы сауда нүктелері арқылы сатқан.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 233-бабының 2-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тексеру барысында астыртын цехтан ішінде алкогольдік сұйықтық бар көлемі 20 және 40 литрлік ыдыс, 47 бөтелке дайын алкоголь өнімі, желім, шланг, құйғыш, шприцтар және қолдан алкоголь жасайтын құрал-жабдық тәркіленіп алынды.

Суррогат алкоголь өнімі антисанитариялық жағдайда, күмәнді материалдардан және алкогольді ішімдіктер шығаратын әртүрлі зауыттардағ өнімдеріне ұқсатылып дайындалған.

Ааталған факті бойынша сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.



Соңғы жаңалықтар