Павлодар тұрғыны коронавирусты Нұр-Сұлтан қаласында жұқтырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодарлық азамат коронавирусты Нұр-Сұлтан қаласында жұқтырған. Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берікжан Досмайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 наурызда Павлодар облысының 1988 жылы дүниеге келген тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталды. Ол азамат бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан адаммен байланысты болған. Пациент бекітілген алгоритмге сәйкес, инфекциялық госпитальге жатқызылды. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қалыпты. Дене қызуы тиісті деңгейде, денсаулығына шағымы жоқ. Бұл азаматпен байланыста болған адамдар табылды және қажетті эпидемияға қарсы шаралар қолданылды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар