Павлодар тұрғыны иттің басын кесіп, терезеден лақтырып жіберген

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар тұрғыны журналистерге ер адамның итті асырап алып, кейін оның басын кесіп, денесін терезеден лақтырып жібергенін мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен кеше ер адамның бірге тұратын әйелмен осы итті ертіп, үйлеріне кіріп бара жатқанын көрдім. Өздері жеуге тамақ таба алмай жүргенде, оны қалай асырайды деп ойлағам. Себебі, оларға тамақты мен әкелетінмін. Ал, кешкісін біздің көршіміз ер адамның терезеден иттің денесін, кейін оның басын лақтырып жатқанын көрген. Кейін оны жануардың денесін алуға мәжбүрлеген. Бірақ, иттің басы сол жерде жатыр. Ол жерден бірнеше метрде балалар алаңы орналасқан», - деді Гагарин көшесі, № 38/1 үйінің тұрғыны Нина Маменова.

Нина Петровнаның айтуынша, ол болған оқиғаны полицияға айтып берген, бірақ ер адам жазаланбаған. Өлген итті оның немересі суретке түсіріп алған.

«Бұл ер адам ішімдікке салынған, ешқайда жұмыс істемейді. Тубдиспансерде есепте тұрғанын да білемін. Енді мынандай нәрсе істеді! Оның дәл осылай біреудің баласын үйіне әкетіп қалмайтынына кім кепіл», - деді Н. Маменова.

Осы жағдай бойынша, полициядан түсінік алу мүмкін болмаған. 

Соңғы жаңалықтар