+7 (701) 759 90 19
USD 402.37 EUR 449.81
RUB 5.86 CNY 56.67
Jańalyqtar

Павлодар тұрғыны гаражда қолдан дизель жасап, литрін 150 теңгеден сатып келген

2020 жылғы 23 мамыр 17:23
Бөлісіңіз:
Павлодар тұрғыны гаражда қолдан дизель жасап, литрін 150 теңгеден сатып келген

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының тұрғыны гаражда шамамен жарты миллион теңгенің дизель отынын заңсыз жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

12 мамырда Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру барысында шығу заңдылығын растайтын құжаттары жоқ мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісін анықтады.

Павлодар облысының тұрғыны өзінің гаражында пеш отыны, май немесе басқа да өнімдердің қоспаларынан төмен сападағы дизель отынын жасап, бір литрін 150 теңге ден сатқан.

Шара барысында жалпы құны 470 000 теңге болатын 3000 астам литр дизель отыны тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл - мемлекеттік стандарт (ГОСТ) талаптарына сәйкес келмейтін, сапасы төмен және құрамында түрлі қоспалар бар мұнай өнімі.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT