+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Павлодар тұрғыны досының атынан 14 несие алған

2020 жылғы 26 қыркүйек 18:55
Бөлісіңіз:
Павлодар тұрғыны досының атынан 14 несие алған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар тұрғыны досының атынан 2.5 миллион теңгеге несие алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға жүгінген ер адам белгісіз біреудің оның атына шамамен 2 500 000 теңге несие алғанын айтты. Ол бұл жағдайды несиелік ұйымдар қарызы барлығын айта бастаған кезде ғана білген. Мұндай жаңалық жәбірленушіні таң қалдырды, өйткені ол ондай несие алмаған.

«Тергеу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған күдіктіні анықтады. Ол өзінің кінәсін мойындады. Несиені жасырын алып жүрген – жәбірленушінің ең жақын досы болып шықты», – деді ПД басшысы Нұрлан Мәсімов.

Былтыр күдікті өзінің құрбаны болған досынан жалақы алу үшін банктік картаны өзінің атына ашып беруді сұраған. Ол көмектесуге келіскен. Біраз уақыттан кейін досы жеке деректерді біле отырып, банктік карточканың иесіне түрлі микрокредиттік ұйымдардан 14 несие алып, ақшасын букмекерлік компанияға жұмсаған.

Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-баптың 2-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT