08:31, 12 Қазан 2020 | GMT +6
Павлодар тұрғындары қымбат су есептегішін сатып алуға міндетті емес – мекеме
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлықтар қымбат су есептегішін сатып алуға міндетті емес. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Павлодар-Водоканал» ЖШС ұсынатын радиомодульді есептеу құралының баламасын қарастырды.
«Балама есептегіштер деректерді қашықтан беру құрылғысымен жабдықтауға техникалық мүмкіндік береді. Бұл ретте мұндай суды есепке алу құралдарының құны «Павлодар-Водоканал» ЖШС ұсынғаннан әлдеқайда төмен», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, департамент монополистік компания ұсынатын радиомодульді есептегіші бағасының қаншалықты негізді екенін зерттейді.