Павлодар полициясы Береке ауылындағы жанжалға қатысты жағдайды түсіндірді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақсу ауданы Береке кентінің тұрғындары арасында жанжалдың неден шыққанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған оқиға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кететін мәселе, полиция осыған дейін мал ұрлығының алдын алу мақсатында және «Металлогамма», «NewHantamurNC» ЖШС-нан «микросфера» күл-қоқыс шикізатын жаппай ұрлау әрекетіне байланысты Ақсу өңіріндегі Ақжол және Береке ауылдарына мобильдік бекет қойған. Ол елді мекеннен 15 шақырым қашықтықта орналасқан, яғни адамдардың еркін жүріп-тұруына еш кедергі келтірмейді. Сондай-ақ мобильдік бекет қойылғалы аумақта мал ұрлығы 35%-ға азайған.

«Қалқаман ауылының жанында орналасқан мобильдік бекетке ауыл тұрғындары тиісті құжаттарсыз «микросфера» күл-қоқыс шикізаты тасымалданып жатқаны туралы хабар берді. Ал 2020 жылдың 13 мамыры күні сағат 17:30-да мобильдік бекетке Береке кентінің 30 шақты тұрғыны көліктерімен полиция қызметкерлеріне қоқан-лоқы жасап, олардың мүлкін зақымдап, оқиға орнынан кетуін талап етті. Қалыптасқан жанжалдың ушығуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері арнайы құралдарды қолданып, бос патронмен аспанға оқ атып ескерту жасап, ауыл тұрғындарының әрекетін тоқтатты»,-делінген полиция мәліметінде.

Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттен кейін қалыптасқан мәселе шешіліп, ауыл тұрғындары үйлеріне тарасты.

Полиция қызметкерінің әрекеті бойынша, Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361 – бабы 1-бөліміне сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Соның барысында полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тергеу аяқталғанша, полиция қызметкері атқаратын қызметінен шеттетілді.

Видеода ролик авторы ауыл тұрғындарының полицияға қоқан-лоқы жасау әрекеттері бар жерлерін видеодан алып тастағаны көрініп тұр. Бұл кезде полиция ауыл тұрғындарының заңсыз әрекетін түсіндірген»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар