Павлодар өңірінде Молдованың темір жолын жаңғыртуға қажетті нәрселердің бәрі де бар - Ю.Топал

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов және Екібастұз қаласына келген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен «Молдова темір жолдары» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Юрий Топал кездесу кезінде логистика, көлік, теміржол машина құрылысы салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазақстандық кәсіпорындардың Молдова темір жолын жаңғыртуға, заманауи локомотивтерді, жүк және жолаушылар вагондарын, ұзын рельстерді  және басқа да жабдықтарды жеткізуге қатысуына баса көңіл бөлінді.

Молдова тарапына екібастұздық  - «Қазақстандық вагон құрылысы компаниясы» ЖШС және «Проммашкомплект» кәсіпорындарының мүмкіндіктері таныстырылды.

 «Павлодар өңірінде Молдованың темір жолын жаңғыртуға қажетті нәрселердің бәрі де бар,- деп атап өтті Ю.Топал. - Біздің жолымыздың салынғанына 145 жылдан асты, қазір оның жағдайы наша. Тепловоздарды, және басқа да машиналарды пайдалану мерзімі асып кетті, олардың көбіне 30-40 жыл болды. Бізге қазір Еуропа қаржылық қолдау көрсетуде. Енді біз жолды жөндеуге және тепловоздар сатып алуға тендер жариялаймыз. Оған тілек білдірушілердің бәрі де қатыса алады».

 

Соңғы жаңалықтар