Павлодар облысының Қарттар үйінде 28 адам коронавирус жұқтырды

АҚСУ. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Ақсу қаласындағы Қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік орталықта 28 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің айтуынша, алғашқы жағдай 28 қараша күні тіркелген. Орталықта санитар болып жұмыс істейтін қызметкер тексерістен өту үшін емханаға жүгінген кезде, одан коронавирус анықталған. Сол күні орталық санитарымен жақын байланыста болған екі қызметкер мен қамқорлыққа алынған 34 адам ПТР-тесттен өтті.
29 қарашада мекеменің үйлестірушісі емхананың мобильді тобына жүгінген. Барлығы 70 адам ПТР тестілеуден өтті, оның 69-ы қамқорлыққа алынғандар.
«4 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақсу қаласындағы Қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында COVID-19 жұқтырудың 28 оқиғасы тіркелді. Оның 22-сі - қамқорлыққа алынғандар, 19-ында ауру симптомсыз өтіп жатыр. Сонымен қатар алты қызметкерден коронавирус анықталды, олардың екеуінде індет белгілері бар. Сырқаттанған азаматтардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Тағы төрт қызметкер – үй карантинінде», - деп атап өтті мекеме өкілдері.
Жалпы мекемеде 195 тұрғын мен 38 қызметкер бар. Барлығы COVID-19-ға тесттен өтті.
Еске сала кетсек, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында мектептердегі кезекші сыныптар жабылып жатыр.
Павлодар облысы коронавирус індеті бойынша «қызыл аймақта» тұр. Қазіргі уақытта 6780 адам вирус жұқтырған. Олардың 526-ы Ақсу қаласында.
- Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды
- Атыраудың 8 ықшамауданында тұрғындар жарықсыз отыр
- Павлодарда бетіне оқ тиген әйел оқиға орнында көз жұмды
- Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 3,5 миллионнан асты
-
Атырауда Тауман Амандосов атындағы сыйлықтың иегерлері анықталды
-
Петропавл тұрғыны үйінен 1 мыңға жуық патрон тауып алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам