Павлодар облысының екі ауданында балық қырылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ақтоғай ауданы мен Ақсу қаласы маңындағы су нысандарында балық қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мәлімет таратты.

19 сәуірде арнайы комиссия Ақтоғай ауданының Әуелбек ауылына жақын маңдағы Ломовая атты өзен тармағына барған.

Павлодар облысы экология департаментінің мамандары су сынамасын алды.

Комиссияның пікірінше, балық қырылуының алдын ала себебі - қыста суда оттегінің болмауы.

Нақты себебі кейін анықталады және ол туралы қосымша хабарланады.

Қырылған балықтың көлемі - 164 кг (сазан – 150 кг, шортан – 7 кг, көксерке - 2 кг және табан – 5 кг ).

Осы күндері Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылының маңындағы Ильюшка шағын өзенінде де балық қырылды.

Жағдайдың жай-жапсарын анықтау мақсатында 20 сәуірде комиссия оқиға орнына барды.

Экологтар зертханада талдау жүргізу үшін судан сынама алды.

Балық қырылған жерді тексеру кезінде комиссия Ильюшка шағын өзенінің бір тұсы қыс кезінде түбіне дейін мұз болып қатып қалғанын анықтады.

Ильюшка өзенінде балық қырылуының нақты себебі зерттеу қорытындысы шыққан соң белгілі болады.

Жергілікті атқарушы органдар қырылған балықты жинап, кәдеге жаратады.

Оның көлемі - 25 кг шортан.




Соңғы жаңалықтар