Павлодар облысындағы жол учаскесінде олқылықтар анықталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары Павлодар облысындағы «Майқайың – Екібастұз» жолының сапасын тексеріп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Барлық бұзушылық фактілері бойынша тапсырыс берушіге, мердігерге және уәкілетті органдарға бұзушылықтарды жою туралы хаттар жіберілді», делінген хабарламада.

Автомобиль жолдары комитетіне қарасты «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандар 2017 жылы пайдалануға берілген «Майқайың - Екібастұз» жолына барған. Жоба құны - 1 млрд 563,4 млн теңге.

Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Тапсырыс беруші - Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жұмысты істеген мердігерлер - «Гидропром» ЖШС және «Статус Люкс» ҚК.

«Бұл учаскелерде жолдың асфальтбетон жамылғысында жарықтар, шұңқырлар пайда болып, асфальт шытынауы байқалады. Осы уақытқа дейін де филиал қызметкерлері нысанға барып, жол-құрылыс материалдарын тексеріп, сынама үлгілерін: үстіңгі қабаттан 10 және төменгі жабын қабатынан 10 үлгі алды. Ал бұл жолды тексеру барысында алынған материалдар бойынша асфальттың қалыңдығы сәйкес келмеді, суға қанығу мен тығыздық коэффициенттері де дұрыс емес мөлшерде екені анықталды. Соның салдарынан асфальт қабынуға ұшырап жатыр», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар