Павлодар облысындағы су құбырының құрылысы ауыл тұрғындарының мәселесін шешпеді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ертіс ауданындағы Ақсу топтық су құбырының қайта құрылысының бірінші кезеңінің аяқталғанын өткен аптада «Казводхоз» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиға елеусіз өтті, алайда ол 6 млрд. теңгеге жуық қаржыға салынған маңызды нысан еді. Қашықтығы 110 шақырымдық каналдың алғашқы кезегі 12,5 мың адам тұратын 14 ауылды сумен қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ әзірге қамтамасыз етпеді. Оның себебін облыс әкімі Болат Бақауов жиналыс соңында айтты.

«Қазіргі таңда су каналына ауылдарды қоса алмай отырмыз. Ертіс аудандық әкімдігі 2014 жылдан қазірге дейін 14 ауылдың ауылішілік желісін жүргізу бойынша ЖСҚ жасау мәселесін шешпеген. Оның екеуі бүгінде (Акбетей және Қостомар ауылы) таратылған, ал оларға тораптың екі шақырымы жеткізілді. Не үшін жеткізгені түсініксіз. Бұл ауылдарда бар-жоғы бес-алты үйден ғана бар».

Облыс әкімі су құбырлары құрылысына қатысты сын айтты.

«2013 жылы су қорын есепке алмау әлеуеті мен ауыл дамуының болашағы бойынша зерттеулер жүргізілді. Мысалы, 200 адамнан аз тұрғыны бар Железинский ауданының Аққайың жән Крупский ауылдары үшін су құбырларының құрылысы бойынша құжаттар жасалған. 760 халқы бар Железинский ауданының Башмачное ауылында жұмыстар жүргізілмеген. Оған қоса ауыл әкімі еш қатысым жоқ деп, бұл жұмысты табиғи пайдалану басқармасына сілтеп отыр», - деп атап өтті Б. Бақауов. 

Соңғы жаңалықтар