Павлодар облысындағы бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу салынды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты Павлодар облысының жолдарында автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ Telegram-каналына сілтеме жасап.

Павлодар облысында 6 наурызда сағат 15:10-да ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Ленин – Ертіс - Русская поляна» автожолының 0 - 274 шақырымы, Ленин кенті мен РФ шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік түрлеріне шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты 6 наурызда сағат 18:00-де «Қызылорда – Павлодар» автожолының 1066-1135 шақырымы, Молодежный кенті мен РФ шекарасына дейінгі аралықта шектеу енгізілді.

Павлодар облысында сағат 18:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Қызылорда-Павлодар» автожолының 1135-1251 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы мен Екібастұз қаласына дейінгі аралықта қозғалысқа шектеу салынды.

Еске сала кетейік, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы сақталады – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.


Соңғы жаңалықтар