Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Жертұмсық ауылының жанында КамАЗ бен «Нива» көлігі соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 маусым күні сағат 11.20-да Омбы-Мақапшағай күре жолының 25-ші шақырымында, Павлодар облысының Жертұмсық ауылының жанында «Нива» автокөлігінің 53 жастағы жүргізушісі көлігін басқара алмай, КамАЗ көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Нива» көлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан», - деп хабарлады тілшілерге Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жеңіл көліктің жарақат алған жолаушыс ауруханаға жеткізілді.

Көлік арнайы айыппұл тұрағына кіргізілді. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар