Павлодар облысында жол апатынан сәби мен екі ересек адам қаза тапты

None
None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Павлодар-Қызылорда тасжолында екі көліктің соқтығысуы салдарынан екі айға толмаған сәби мен екі ересек адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар-Қызылорда тасжолының 178 шақырымында сағат 22.00-де «Toyota Avensis» маркалы көліктің жүргізушісі мас күйінде көлікті тізгіндеп, қарсы жолаққа шығып кетеді. Ол жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 41 жастағы жүргізуші жүргізіп келе жатқан «Daihatsu» маркалы көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан «Daihatsu» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы: 36 жастағы әйел мен 18.03.2018 жылы туған ұл бала алған жарақаты салдарынан қаза тапты», - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД-де.

Полиция осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Көліктің жүргізушісі ұсталды. 

Соңғы жаңалықтар