Павлодар облысында жалған ақпарат таратқан ауыл тұрғыны жазаланды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«29 наурызда WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреу «Южный және Баянауыл ауылдарының он күнге карантинге жабылатыны, жолдардың жабық екені» жайында дыбыстық хабарлама таратқан. Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны мен фейк болып табылатынын мәлім етті», - деп хабарлады тілшілерге Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Баянауыл ауданының тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде дыбыстық хабарлама таратқан авторды анықтады. Ол 1974 жылы дүниеге келген ауыл тұрғыны болып шықты.

Ұсталған ер адамның айтуынша, бұл хабарды ол үйде жазып, «Одноклассники 74» тобына жіберген. Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 478-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Материал Баянауыл ауданының сотында қаралды. Оның шешімімен, ауыл тұрғыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.


Соңғы жаңалықтар