Павлодар облысында Волонтерлер жылының қорытындысы шығарылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында Волонтерлер жылының қорытындысы шығарылды. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов қоғам белсенділері мен еріктілерді «Халық алғысы» медальдарымен және алғыс хаттарымен марапаттады. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты кездесу Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтті. Он бір волонтерлік ұйымның өкілдері шағын көрме ұйымдастырып, jcs жылдағы жетістіктері туралы айтты.

«Клуба добряков Павлодара» ұйымының белсенділері волонтерлік қызметке балаларды тарта бастағандарын айтты. Ата-аналардың көмегімен «Клуб добряков KIDS» өздерінің аға жолдастарының барлық жобаларына қатысады. Еріктілердің айтуынша, мұндай тәжірибе жас ұрпақтың әлемге және басқа адамдардың қиындықтарына деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов қоғам белсенділері мен еріктілерді «Халық алғысы» медальдарымен және алғыс хаттарымен марапаттады.

Шала туған сәбилерге арнап жүннен киім тоқитын «28 петель» клубында 30-дан астам павлодарлық бар.

«Біз туған кезде салмағы 500-ден 2000 граммға дейінгі балаларға арналған заттар тоқимыз. Бұл заттар жылу береді және емдік қасиеттерге ие», - деді қоғамдық қордың үйлестірушісі Махаббат Өтеуова.

Басқа да қоғам белсенділері - «VITA» жасағының іздеушілері биылғы жылы «Өмір сүру мектебі» жобасын жүзеге асырғандарын айтты. Еріктілер өңірдің 25 оқу орнында білім берді.

«Биыл біздің ұйымның күшімен 100-ден астам адам табылды. Бұдан басқа біздің парақшалардың қоғамдық орындар мен әлеуметтік желілерде таратылуының арқасында көптеген адамдар үйлеріне өз бетінше оралады», - деп бөлісті «VITA» отрядының іздестіру жөніндегі үйлестірушісі Людмила Былинина.

Павлодар облысының әкімі барлық ерікті ұйымдарға алғысын білдіріп, Волонтер жылы аяқталғаннан кейін де қоғам өкілдерімен жұмыс тоқтамайтынын еске салды.

«Волонтерлік жасқа бөлінбейді - өтіп бара жатқан жыл осыны дәлелдеді. Жақын маңдағы адамдарға қандай да бір көмек қажет болған кезде балалар да, жастар да, ересектер де шетте қалмады. Қайырымдылық, мейірімділік пен ізгілік - біздің өңіріміздің және бүкіл ел тұрғындарының ерекше қасиеттері. Бізде шын мәнінде жүрегі үлкен адамдар тұрады. Мен сіздерге тағы да алғыс білдіргім келеді», - деді Әбілқайыр Сқақов жиылған қауымға.

Ең белсенді волонтерлік ұйымдарға өңір басшысы алғыс хаттарын табыстады, ал «Jebe» қорының өкілі Асылбек Туғанбай мен «VITA» Павлодар іздеу жасағының жетекшісі Екатерина Кудрявцева «Халық алғысы» медаліне ие болды.


Соңғы жаңалықтар