Павлодар облысында ұлымен бірге суға батқан ер адамның денесі табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында ұлымен бірге суға батқан ер адамның денесі табылды. Мәйітті марқұмның туыстары тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 тамыз күні сағат 09:10-да Павлодар ауданында Сынтас ауылынан бес шақырым жерде Ертіс өзенінде (Оңтүстік су бөгеті ауданы) жедел-құтқарушы бөлімшенің күш-құралдары (екі құтқарушы және бір жүзу құралы) 1973 жылы туған Сергей Курегеновті іздеу жұмыстарын жүргізген еді. Ол 1 тамыз күні сағат 14:25-те шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, батып кеткен (отбасымен демалуға келген) болатын. Алтыншы тамыз күні сағат 17:35-те марқұмның туыстары мәйітті тауып алды», - деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның мәйіті табылған жерге жедел-тергеу тобы келді. Бұған дейін хабарлағандай, 1 тамызда Павлодар қаласының оңтүстік су бөгетінде әкесі мен баласы суға батып кеткен болатын. Ұлының денесі сол күні табылған еді.

Автор: Антон Гагарин


Соңғы жаңалықтар