+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Павлодар облысында сайлау барысында құқық бұзушылық тіркелген жоқ

2021 жылғы 26 шілде 00:08
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында сайлау барысында құқық бұзушылық тіркелген жоқ

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында белсенділік танытқан аудандар аталды. Бұл - Тереңкөл (94,5 пайыз), Успен (94 пайыз) және Ақтоғай аудандары (90 пайыз), деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнәр Аманжолова ауыл әкімдері сайлауының алдын ала қорытындысымен бөлісті

« Сағат 20.00-де Павлодар облысының 126 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Аталған учаскелерде бүгін сағат 7-ден бастап бақылау жүргізілді. 146 сенімді тұлға болды. Оның 103-і саяси партиялардың атынан шыққан үміткерлерден, 43-і өзін-өзі ұсынғандардан. Бұдан бөлек, барлық саяси партиялардан 150 бақылаушы, түрлі қоғамдық бірлестіктерден 340 бақылаушы қатысты « , - деді Гүлнәр Аманжолова.

Комиссия төрағасының айтуынша, сағат 22.00-дегі жағдай бойынша облыста дауыс беруге келгендердің үлесі 76,9 пайызды құрады. Бұл – 40628 адам.

Облыстық полиция департаменті бастығының м. а. Жасқайрат Қайыров ауыл әкімдерін сайлау барысында құқық бұзушылық тіркелмегенін, яғни облыста жағдай тұрақты екенін хабарлады.

Еске сала кетейік, 44 ауылдық деңгейдегі әкімнің тікелей сайлауы 130 елді мекенде өтті. Кандидат болып 168 адам ұсынылды. Олардың 59-ын саяси партиялар ұсынған тұлғалар болса, қалған 109-ы – өзін-өзі ұсынғандар.

Байқаушылар республикалық «Партиялық емес бақылау» қоғамдық ұйымының филиалында дайындықтан өткен.

Бір адам бір аудандық маңызы бар қаланың немесе ауылдың әкімі болып екі реттен артық сайлана алмайды. Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде өткен сайлаудың қорытындылары шығарылып, жарияланады. Жеті күн ішінде аумақтық комиссия сайланған әкімді тіркеп, кейін ол өз өкілеттігіне өтеді. Өкілеттік мерзімі – 4 жыл.
Бүгін тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ауыл, кент, ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің сайлауы өтті.

2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында тапсырма берілген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT